Головкин әлде "Канело"? Америкалық сарапшы орта салмақтағы әлемнің ең мықты боксшысын атады

© vk.com/ggolovkin
Америкалық Boxingscene.com порталының сарапшысы Стивен Эдвардс орта салмақтағы ең мықты боксшы туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның сөзінше, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) орта дивизионнның мықтысы. 

"Альварес 160 фунтта ең мықты деп есептелуге лайық, өйткені ол Головкин мен Джейкобсты жеңді. Орта салмақта өзге ешбір боксшыда бұл екі жеңіс жоқ. Мені "Канелоның" 160 фунтта үш жекпе-жек қана өткізгені алаңдатпайды. Қазіргі таңда ол бірінші орынға лайық", - деп жазыпты автор өз айдарында.