Головкин 28 нокауты бар бұрынғы әлем чемпионымен жекпе-жекке шығуы мүмкін

Сурет: fightnews.info
Қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) орта дивизионға өткен Хайме Мунгияның (35-0, 28 КО) қарыластар тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексикалық боксшы орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Сан-Антониодағы Alamodome аренасында Мунгия ирландиялық Гэри О'Салливанды (30-3, 21 KO) 11-ші раундта нокаутқа түсірді.  

Осы жеңістен кейін Мунгия орта салмақ чемпиондарын жекпе-жекке шақырды. Ал осы салмаққа өтпес бұрын ол бірінші орта дивизионда WBO белбеуінен бас тартқан.

Ал DAZN стриминг қызметі твиттер желісінде Мунгияға орта салмақ чемпиондары арасында келесі қарсыласты таңдауды ұсынды. IBF және IBO тиутлдарына ие Головкиннен бөлек бұл тізімде мексикалық Сауль "Канело" Альварес (WBA Super, WBC Franchise), америкалық Деметриус Андраде (WBO) мен Джермалл Чарло (WBC) бар.