"Геннадий қирайды, көргім де келмейді". Абель Санчес "Канело"- Головкин жекпе-жегі жайында

Сурет: HBO Boxing
Қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жек туралы не ойлайтынын айтты.

"Бұл жекпе-жек Геннадийге зиян келтіруі мүмкін. Оны мен жаттықтырмайтындықтан емес. Тек сондай ықтимал бар. Біз карьерасының шыңына жеткен Сауль Альварес туралы айтып отырмыз. Ол Сергей Ковалевке жасағанын Геннадийге де істей аларына сенімді. Сауль оңтайлы сәтті күтті, сондықтан Головкинді қирата алады", - деп келтіреді Санчестің сөзін Boxingnews24 порталына сілтеме жасаған "Чемпионат".

"Геннадий үшінші жекпе-жекке келіспегенін қалар едім. Бұл айқасты көргім де келмейді. Геннадий физикалық немесе психикалық күйде дайын болмағандықтан жеңіліп жатқанын көрмегенім жақсы", - деп түйіндеді бапкер. 
Жаңалықтар