Геннадий Головкин WBC, WBA және WBO рейтингтерінен неге шығарылғаны түсінікті болды

25 қыркүйек 2019 11:08
© express.co.uk
Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) қыркүйекте WBC, WBA және WBO рейтингтерінен шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған себеп IBF және IBO белбеулері үшін 5 қарашада Madison Square Garden аренасында Сергей Деревянченкомен өтетін жекпе-жек. Қыркүйекте украиналықты да барлық рейтингтен шығарып тастаған. 

WBC, WBA, WBO ұйымдарының тамыздағы рейтингтерінде Головкин бірінші орында болған. Осыдан кейін оған Деревянченкомен жұдырықтасуға санкция берілді. 

WBA рейтинг комитетінің есебінде Головкин басқа ұйым белбеуі үшін жұдырықтасатындықтан көшбасшылықтан алынып тасталғаны көрестілген - нақты айтқанда IBF.

WBC титулы үшін жекпе-жек өткізетіндер бұл ұйым рейтингінде қолжетімсіз болады. Ал комитеттің қыркүйектегі баяндамасында Головкин мен Деревянченко дәл осы қолжетімсіз боксшылар дәрежесінде көрсетілген.

WBO қыркүйек бойынша есеп берген жоқ, ал рейтинг комитетінің тамыздағы есебінде WBA, IBF және WBC белбеулері үшін жұдырықтасатын боксшылар тізімнен алынып тасталатыны айтылған. 

Головкин - Деревянченко жекпе-жегінде жеңілген боксшы рейтингке қазанда оралады, ал жеңімпаз көрсетілмейді, өйткені WBC, WBA, IBF және WBO чемпиондары рейтингке енбейді. Ұйым рейтингтері міндетті қарсыласты анықтау үшін жасалады.