Геннадий Головкин Парижге барды

Сурет: Геннадий Головкиннің Instagram желісінен
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Парижге келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұрынғы әлем чемпионы Instagram желісінде егізі әрі бапкері Максиммен түскен суретін жариялаған. Франция астасына келгендегі себеп аталмайды, бұл туристік сапар болуы да мүмкін. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Paris

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)



2016 жылы Головкин Jordan компаниясының шақыртуымен Парижге бір рет келген. Ол кезде қазақстандық журналистерге бокстан жаттығу өткізіп, өзін бапкер ретінде сынап көрді. 

Айта кетейік, кеше Головкиннің командасы Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жекке қатысты келіссөз бастағаны белгілі болды. Қазақстандық соңғы рет 8 маусымда жұдырықтасып, DAZN-дегі бірінші жекпе-жегінде канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) нокаутқа түсірді.