Геннадий Головкин "Қара күштің патшасы" атағына ұсынылды

Сурет: Allboxing
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) бокс тарихында орта дивизионның ең мықты панчері кім екенін анықтамақ. 

"Орта салмақта күш патшасы кім?", - деп жазыпты WBC твиттер желісінде бірнеше боксшыны ұсынып. Олардың арасында қазақстандық Геннадий Головкин де бар. 

Бұл атаққа GGG-ге бәсекелес Томас Хирнс, Марвин Хаглер, Сауль "Канело" Альварес, Карлос Монсон мен Айрен Баркли. Сонымен қатар, WBC жанкүйерлерге өз вариант ұсынуын сұрады.