Фьюриден нокаутпен жеңілген Уайлдерді емханаға алып кетті

©twitter.com/BleacherReport

Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері британдық боксшы Тайсон Фьюриден  (31-0-1, 22 КО) оңбай жеңілген америкалық Деонтей Уайлдерді (42-2-1, 41 КО) кездесуден кейін емханаға алып кетті. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Уайлдерді дәрігерлер айқас барысында алған ауыр жарақатынан кейін алып кеткен. 

Кездесу барысында америкалық боксшы екі рет нокдаун алды. Ал 11-раундта нокаутқа түсті. Фьюри болса жекпе-жек барысында екі мәрте нокдаунға түсіп, тез есін жиды. 

Еске салайық, бұл боксшылар осымен үшінші рет кездесті. Олардың бірінші кездесуі 2018 жылдың желтоқсан айында өтіп, тең аяқталған. Екінші айқас 2020 жылдың қаңтарында болып, Фьюри Уайлдерді нокаутқа түсірген.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: