Фьюриді Головкинге теңеді

©twitter.com/DAZNBoxing

Британиялық боксшы Тайсон Фьюридің әкесі Джон өзінің өзге ұлы Томмиді Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) теңеді, деп хабарлайды Allboxing.ru. Томми Фьюри де кәсіпқой бокста өнер көрсетеді. 

Ол Томмидің 23 сәуірге белгіленген Даниэл Бочанскиге қарсы жекпе-жегін тілге тиек етті. 

"Ол жылдам, ол мықты және Головкинді есіме түсіреді. Карьерасының қазіргі кезеңінде бәрі тәжірибеге байланысты, қарсыласы жақсы (10-1), бірақ, бұл жолы мүлде басқа Томмиді көресіздер", - дейді Джон Фьюри.

Айта кетейік, 22 жастағы Томми кәсіпқойда 7 айқас өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport