Еуропа чемпионымен. Инсайдер Головкин жекпе-жегінің уақыттын растады

Сурет: AllBoxing
Америкалық белгілі бокс шолуышысы және инсайдер Дэн Рафаэль орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) рингке оралуына қатысты ақпаратпен бөлісті.

"Головкин келесі жекпе-жегін міндетті қарсыласқа қарсы күзде өткізеді. Көрейік", - деп жазыпты Рафаэль твиттер желісінде.

Мұның алдында, GGG АҚШ-та қазан не қараша айында рингке шығып, IBF желісі бойынша міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасатыны айтылған. Сонымен қоса, бұл Головкин үшін биылдыққа жалғыз жекпе-жек болады.