Есін жимастан. 24 жастағы боксшы нокауттан өліп кетті

©elements.envato.com

Зимбабвелік боксшы Таурай Зимунья отандасы Тинаш Маджониден нокаутқа түскеннен кейін өліп кетті. Бұл туралы Lenta.ru порталы All Africa басылымына сілтеме жасап хабарлап отыр.

24 жастағы боксшы үшінші раундта нокаутқа түсіп, есінен танды. Спортшыға дәрігерлер келгенге дейін медициналық көмек жасалды. Оны ауруханаға жеткізді, дегенмен, ол сол күйде есіне келген жоқ.

Зимуньяның өлім себебі ресми түрде әлі айтылмады. Алайда алдын ала мәлімет бойынша, ол нокауттан кейін миына қан кеткеннен көз жұмған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport