"Ешқайсы бір қадам артқа жүрмейді". Әйгілі промоутер Головкин - "Канело" жекпе-жегі жайлы

14 қыркүйек 2022 09:27
©Тұрар Қазанғапов

Британиялық белгілі промоутер Эдди Хирннің мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 37 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) трилогиясы алдында қуанышында шек жоқ, деп хабарлайды vRINGe.com.

"Апта соңы, Лас-Вегас Альварес пен Головкин арасында нон-стоп режиміндегі нағыз соғысты тамашалауға дайын болыңыздар. Жекпе-жек басталуға белгі берілгеннен бастап ол екеуі бір қадам да артқа жүрмейді. Бұл трилогия таза соғысқа айналады. Ол 12 раундқа жетпейді. Бұл жолы олай болмайды. Мүлде. Үш айқастың ішіндегі ең мықтысы осы болмақ. Бивол туралы ұмытыңыздар. Рамиресті ойға да алмаңыздар. Бар назарды Вегасқа бұрыңыздар", - дейді Matchroom Boxing басшысы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport