"Ешқандай кедергі жоқ". Сарапшы "Канело" - Головкин жекпе-жегін өткізуге оңтайлы сәт туғанын айтады

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында үшінші жекпе-жекке ешқандай кедергі жоқ. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бокс пен ММА туралы vRINGe.com басылымының редакторы Антон Горюнов мәлімдеді.

"Шын мәнінде жеңілдей түсті (Альварес пен Головкин трилогиясы үшін) - Сауль Golden Boy-дан ғана кетіп, DAZN платформасында өнер көрсете беретін болды. Атап айтқанда, мексикалықтың Каллум Смитпен алдағы кездесуі Эдди Хирннің жәрдемімен дәл осы стриминг қызметінде көрсетілетін болды. Демек "Канело" мен Геннадий арасында үшінші жекпе-жекке ешқандай кедергі жоқ", - дейді Горюнов.

Еске салайық, Альварес Golden Boy Promotions және DAZN стриминг қызметімен дау-жанжалдан кейін арадағы келісімшартты үзді, ендігіде ол платформа мен трансляторлардың шектеуінсіз қалаған боксшымен жекпе-жек өткізе алады. 

 

Жаңалықтар