"Есалаң былшылмен мезі қылды". Абсолют чемпион бокс аңызының ұлын талдырмақ

2 желтоқсан 2022 07:58
©ToFight.Ru

Бірінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Джермелл Чарло (35-1) келесі қарсыласы болатын аустралиялық Тим Цзюді (21-0) нокаутқа түсіруге уәде берді, деп хабарлайды "Спорт-Экспрес"

"Бұл есалаң анда жүгіріп, мында жүгіріп, былшыл сөзімен әбден мезі қылды. Мен туралы неше түрлі айтып, өзіңді сайқымазақ етіп отырсың. Сенің сыбағаң менің орындауымдағы ең мықты нокаут болады. Жекпе-жектен кейін не деп ақталасың? Бұлай айтпадым деп сайқалсисың ба?" - деп береді Чарлоның сөзін FightHype.

Айта кетейік, Чарло - Цзю жекпе-жегі 2023 жылы 28 қарашада өтеді. Бұл айқаста бірінші орта салмақтағы абсолют чемпион атағы сарапқа салынады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport