Ес-түссіз құлады. Қазақ боксшы ауыр нокаутан кейін мәлімдеме жасады

20 желтоқсан 2021 09:17
©ВКонтакте желісіндегі Қазақстан кәсіпқой боксы тобынан

Екінші жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Ескендір Харсан отандасы Ержан Залиловпен жекпе-жектегі ауыр нокауттан кейін Instagram желісінде пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ассаламалейкум бәріне! Менде бәрі жақсы, Альхамдулиллах. Мен үшін алаңдап жатқандардың бәріне алғыс білдіремін, бұл бокс - мұндай болып тұрады", - деп жазыпты ол.

Рингтен дәрігерлер алып кетті. Қазақстан чемпионы атағы үшін айқас ауыр нокаутпен аяқталды

20 жылдан кейін қайта сарапқа салынған Қазақстан чемпионы үшін жекпе-жек Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде өтті. Екінші раунд соңында Залилов Қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Ескендірге рингте дәргерлердің көмегі қажет болды. 

Бұл белбеуді Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы сарапқа салды. Соңғы рет ол 2001 жылы ойнатылған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар