Ербосынұлы мен кубалық чемпион айқасындағы ауыр нокауттың видеосы

©SHOWTIME

Қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелмен (8-0, 7 КО) жекпе-жекте нокаутқа түскен сәттегі видео жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші орта салмақта WBA World белбеуі үшін айқас Миннеаполисте (АҚШ) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды.

12 раундқа есептелген кездесу толық өтті. Алайда он екінші раундта кубалық боксшы Айдосты ауыр нокаутқа түсірді. 

Осылайша, Ербосынұлы карьерасында алғаш рет жеңілді, ал кубалық сегізініші жеңісіне жетіп, титулын қорғап қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport