"Энтони емес, Сұлтанды таңдаймын". Джошуаның бапкері қазақ боксшының жеңісі мен асылған ет туралы

19 желтоқсан 2019 10:57
Сурет: Vesti.kz©
Жеңіл салмақта өнер көрсетітін Сұлтана Зауырбектің (9-0, 6 КО) бапкері Анхель Фернандес Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшының WBC "жастар" белбеуі үшін жекпе-жектегі жеңісіне қатысты пікір білдірді. 

WBC "жастар" титулы үшін жекпе-жекте қытайлық қарсылас қазақ боксшының тегеурініне шыдай алмады

Айта кетейік, Фернандес британиялық Энтони Джошуаға WBA (Super), WBO, IBF және IBO титулдары үшін Энди Руиспен (33-2, 22 КО) қарымтаға дайындалуға көмектескен

- Тамаша бокс кеші. Елдеріңізге келгеніме қуаныштымын. Бокс үшін жанкүйер бола алатын керемет адамдар, - дейді Фернандес. 

- Сұлтанның жекпе-жегінен қалған әсер?

- Сұлтан үшін ғажайып сәт. Карьерасындағы маңызды қадам. Бұл Лондондағы ауыр жаттығулардың нәтижесі. Жекпе-жекте нұсқауларымның бәрін орындады. Алда көп еңбектеніп, шеберлігін ұштау қажет. 

- Алдағы жоспар?

- Оның ісін MTK Global жүргізеді. Келесі қарсыласы кім болатынын білемін, бірақ, ол бәріне дайын болады. Бірінші белбеу - өте маңызды жетістік. Толыққанды титулды екі жылда жеңіп алатынымзға сенімдімін. Дегенмен оған асығу керек. Ол жас және өзінікіне уақытнда жету қажет. 

- Энтони Джошуамен таныстық оны ынталандыра түсті ме?

- Солай деп есептеймін. Джошуа Сұлтанды ынталандыра түсті. Энтониге, оның танымалдығына қарап, Сұлтан одан үлкен жетістіктерге құлшынады.

- Келесі жылы бірге жаттыға ма?

- Әбден мүмкін. Бір лагерде жаттығатын шығар.

- Джошуа мен Сұлтан арасындағы спаррингті көре аламыз ба?

- Мұны тамашалайтын едім (күледі). Кім жеңетінін де айта алмаймын, өйткені Сұлтан менің боксшым. Мені Сұлтанға жақтас боламын (күледі).

- Сұлтан Англияда қандай қиындырмен бетпе-бет келді?

- Оған ыңғайлы. Күнде жаттығады. Әрдайым жақсара түсуге тырысады. Ағылшын тілімен аздаған қыиндықтары бар, алайда, үйренеді деген ойдамын. Айтпақшы, бұл бізге ешқандай кедергі емес. Ол мені жақсы түсінеді. 

- Қазақстан қандай екен? Не ұнады?

- Қазақстан өте ұнады. Тағамдарыңыз тамаша. Асылған ет өте дәмді екен.