Энтони Джошуаны тағы да спаррингте қарсыласы есеңгіретті

3 желтоқсан 2019 11:04
© Fightnews.info
Британиялық Энтони Джошуа (22-1, 21 КО) супер ауыр салмақта IBF, WBO және WBA чемпионы мексикалық Энди Руиспен (33-1, 22 КО) қарымтаға дайындық спаррингі кезінде есінен танып қала жаздады, - деп хабарлайды World Boxing News.

Джошуаны нақты кім есеңгіреткені нақтыланбаған. Дегенмен британиялық мына боксшылармен спарринг өткізгені белгілі:

- Эндрю Табити (17-1, 13 КО),
- Дерек Чисора (32-9, 23 КО),
- Том Литтл (10-7, 3 КО),
- Албон Первизай (12-1, 9 КО),
- Тимоти Мотен (5-0, 2 КО).

Мұның алдында Джошуа бірінші жекпе-жекте Руистан жеңілмей тұрып, оны америкалық Джоуи Давейко спаррингте есеңгіреткені туралы сыбыстар тараған еді. Алайда ол кезде мұны ешкім ресми растамады. Ал Джошуа мексикалық боксшыдан осы себепті жеңілді деген пайымдаулар болды. 

Джошуа - Руис қарымтасы 7 желтоқсан Эр-Рияда маңындағы (Сауд Арабиясы) 15 мың адам сиятын Diriyah Arena шаршы алаңында өтеді.