Елорда турнирінде Теміртас Жүсіпов өзбекстандық боксшыны жеңді

© olympic.kz

Қазақстандық Теміртас Жүсіпов Elorda Cup турнирінің финалында өзбекстандық Асылбек Джалиловты жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен кездесу нәтижесі 4:1 есебімен Жүсіповтың пайдасына шешілді. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жүсіпов Сербияда өткен әлем чемпионатын жеңген еді. Одан бөлек, ол Азия чемпионатының да жеңімпазы әрі Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. 

Бүгін Elorda Cup турнирінің финалында 11 қазақстандық шаршың алаңда бақ сынауда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport