Елеусіновтің үш тұжырымда экс-чемпионмен титулды жекпе-жегінің күні нақтыланды

10 қыркүйек 2020 16:36
Сурет: Matchroom Boxing
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) рингке қараша соңында шығуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын 29 жастағы боксшы биылдыққа жекпе-жек өткізбеді. Ал алдағы кездесу оның карьерасындағы алғашқы титулды айқас болады. 

Мұның алдында үш тұжырымда әлем чемпионы болған "Көк машина" лақап атты африкалық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) титулды жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп айтылған еді. 

"Данияр қарашада жұдырықтасады. Соңына таман", - дейді Елеусіновтің менеджері Зия Алиев.