Елеусінов шаршы алаңдағы басты мақсатын айтты

©Vesti.kz, Данияр Елеусінов

Қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) badlefthook.com сайтына берген сұхбатында кәсіпқой карьерасын аяқтаған соң не істейтінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Үлкен спорттан кейін менде Қазақстанда мүмкіндіктер көп болады. Біздің елде Олимпиада чемпиондары ұлттық батырмен тең. Бокстан кейін немен айналысатыным белгісіз. Кезінде басты мақсатым – Олимпиада алтынын алу еді. Қазіргі таңдағы мақсатым - Теренс Кроуфорд, Спенс және Бутс Эннис сынды боксшылармен қолғап түйістіру. Әзірге бұл жоспарым орындалмады", - дейді Елеусінов.

Еске салайық, Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио Олимпиадасының алтынын иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport