Елеусінов кәсіпқойдағы жеңілмеген чемпиондармен қашан жұдырықтасатынын айтты

23 желтоқсан 2019 09:48
© Matchroom
Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) нокаутпен кезекті жеңісінен кейін қарсылас таңдау бойынша айтылған сынға жуап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Финикстегі Talking Stick Resort аренасында өткен бокс кешінде Елеусінов амеркиалық Алан Санчеспен жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді. Алайда қазақстандық алғашқы раундтарда қарсыласының қабағын жарып, бесіншісінде техникалық нокаутпен жеңді.

Елеусінов тоғызыншы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте алға шықты 

Елеусінов Instagram желісінде жеңіс видеосын жариялады, осыдан кейін боксшыға жариялым астына жазылған пікірде: "Мықты қарсыластар қашан болады?" деген сұрақ қойылды. 



Боксшы бұл сұраққа Шон Портер, Теренс Кроуфорд және Эррол Спенс сияқты қарсыластармен жұдырықтасуға әлі ерте екенін айтты.