Екінші титулдан бас тартқан "Канелоның" Головкинмен жекпе-жекке жоспары айтылды

18 желтоқсан 2019 14:10
© DAZN
Ек салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) бір титулынан бас тартқаннан кейін келесі жылғы жоспарларын белгіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" Ковалевті нокаутпен жеңіп иеленген WBO белбеуінен бас тартты

Мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо журналист Майкл Монтеромен сұхбатында келесі жылы екі жекпе-жек жоспарлап отырғандарын айтты. Жұдырықтасуы мүмкін бес боксшы аталды, олардың қатарында басты қарсылас қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО).

Сонысмен бірге, бұл тізімде орта салмақтағы Деметриус Андраде (WBO) мен Джермалл Чарло (WBC), екінші орта дивизионда Билли Джо Сондерс (WBO) пен Каллум Смит (WBA (Super) бар.