Екі салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Деревянченконы жеңгеннен кейін Головкинді сөккендердің аузын жапты

© Amanda Westcott/ worldboxingnews.net
Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы, "Пазман перісі" атанып кеткен амеркиалық Винни Пациенца қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 39 КО) хейтерлеріне жауап қайтарды.

"GGG - сұмдық боксшы. Былжырақ сөздің бәрі өмірінде керемет ештеңе істей алмаған және рингте қалай екенін білмейтін адамдардан тарайды. Ауыздарыңды жабыңдар", - деп жазыпты Пациенца 5XXXVP хэштегі (бес дүркін әлем чемпионы Винни Пациенца) мен Головкиннің "Пазман перісі" атты фильм афишасын ұстаған сурет жариялап.