Екі нокаут. Бес қазақ боксшы Азия чемпионатын жеңістен бастады

©Sputnik

Қазақстан құрамасының бес боксшысы жастар мен жасөспірмдер арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Иорданияда өтіп жатқан жарыстың бірінші айқасында Бексұлтан Боранбек пен Дамир Синеев нокаутпен жеңді, ал Айдар Қадырхан, Ахмет Үсен және Мадияр Бексұлтанов қарсыластарынан төрешілер шешімімен басым түсті.

Өзбекстан құрамасының бірінші спортшысы жарыстан шығып қалды: 48 келіде өнер көрсететін Собиржон Тастанов 4:1 есебімен үндістандық Криш Палудан жеңілді. 

Амманда өтіп жатқан бұл турнир 14 наурызда аяқталады.

Бірінші күн 

48 келіге дейін

Бексұлтан Боранбек - Суфиджонон Суджонов (Тәжікстан) - RSC үшінші раундта.

52 келіге дейін

Айдар Қадырхан - Дамир Мубалихонов (Тәжікстан) - 5:0

63 келіге дейін

Ахмет Үсен - Оун Алхадиди (Иордания) - 5:0

70 келіге дейін

Дамир Синеев - Мирзобахтиярхон Атаев (Тәжікстан) - RSC бірінші раундта.

80 келіге дейін

Мадияр Бексұлтанов - Мехди Раад Хави Аль-Саед (Ирак) - 5:0.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport