Екі қазақ боксшысы шығатын ӘЧ-2022 айқастарына тікелей трансляция

©ҚФБ

Бүгін, 15 мамыр күні екі қазақстандық боксшы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында өз жекпе-жектерін өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

2010 жылғы Азия чемпионы және әлем чемпионаттарының жүлдегері (2016, 2018) Жайна Шекербекова 52 келіге дейінгі салмақта жапониялық Ринка Киноситамен кездеседі. Ал 2016 жылғы әлем чемпионы Дина Жоламан 54 келіге дейінгі салмақта канадалық Скарлетт Дельгадомен жолығады. 

Екі боксшы ширек финалдың жолдамасына таласады. Олар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:00 басталатын бірінші сессияда өнер көрсетеді. 

Бұл жекпе-жектерді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, кездесулерді телеарнаның ресми сайтынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport