Екі чемпиондық титул үшін өтетін Головкин - Деревянченко жекпе-жегі Қазақстан уақытымен нешеде басталатыны белгілі болды

26 қыркүйек 2019 17:47
© DAZN
DAZN стриминг қызметі 5 қазан Нью-Йорктегі қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) және украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы IBF және IBO белбеулері үшін жекпе-жек өтетін бокс кеші басталатын нақты уақытты атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шоу Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазіргі таңда жекпе-жек андеркартында жеті кездесу өтетіні белгілі - олардың бірінде қазақстандық Али Ахмедов (15-0, 11 КО) екінші орта салмақта америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-7-2, 7 КО) жұдырықтасады.

Головкин - Деревянченко бокс кеші Қазақстан астанасының уақытымен 6 қазан таңғысын басталады. Брінші жекпе-жек 5:00-де, кардтың басты кездесулері 7:00, ал шамамен 9:00-де рингке Головкин мен Деревянченко шығады.