Деревянченко Головкинмен жекпе-жек алдында қазақтарға қарата сөз айтты

© xsport.ua
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында қазақстандықтарға алғысын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы үндеуін Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Арланс" сапындағы жекпе-жектерімді ұмытпай, әлеуметтік желілерде маған жылы сөздер жазып жатқан қазақтарға алғыс айтқым келеді. Сол уақыттан жақсы естеліктер қалды. Рақмет!",  - деп жазды Деревянченко.



Естеріңізге салсақ, Головкин - Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар орта салмақта IBF титулын сарапқа салады.