DAZN Сондерске келесі жекпе-жегінде Головкинмен жұдырықтасуды "ұсынды"

© xsport.ua
DAZN стриминг қызметі твиттер желісіне жазылушыларынан екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерсті келесі жекпе-жегінде кімге қарсы көргісі келетінін сұрады.

Кеше Сондерс Matchroom Boxing компаниясымен келісімшартқа отырды, енді оның жекпе-жектері DAZN платформасында көрсетіледі.

"Билли Джоны келесі жекпе-жегінде кімге қарсы көргілеріңіз келеді?", - деп жазыпты DAZN твиттерде. Сондерске қарсылас ретінде ұсынылғандар қатарында орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес, қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс бар.