DAZN платформасының Головкин кегелі жазылушылардан түскен табысы жарияланды

© DAZN
DAZN стриминг қызметінің шілдеде платформаға жазылуышылардан ғана түсірген пайда көлемі 8,8 миллион доллар - былтырғы шілдеден 7,6 есе көп.

Sensor Tower зерттеу компаниясына сілетеме жасаған Sports Business Journal ақпаратынша, DAZN бұл көрсеткіш бойынша ESPN арнасының стриминг қызметінен қалып келеді. ESPN табысы 9,4 миллион доллар - былтырғыдан жеті есе көп. Алайда ESPN пайдасының 99 пайызын АҚШ нарығынан алады, ал DAZN америкалық нарықтан пайдасының 27 пайызын ғана көріп отырғанын айта кетейік.

Аталған соммалар ESPN мен DAZN платформаларының толық түсімі емес: бұл жерде жаранама мен лицензияланған контенттен де қаржы келеді.

Мұның алдында DAZN стриминг қызметі жыл басында дамуға алған кредитінің 90 пайызын жауып, инвесторлардан үлесінің бір бөлігін сатып алғаны хабарланған. Бұл DAZN басшыларының платформаның дамуына риза екенін және ары қарай қаржыландыруды өз қаражатынан жүргізуді қалайтынын көрсетеді.