DAZN "Канелоға" қарсылас ретінде екі чемпионды ғана мақұлдады

Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегін қарашада өткізеді, - деп хабарлайды BoxingScene.

Мәлімет бойынша, қазіргі таңда Golden Boy Promotions пен DAZN стриминг қызметі арасында келіссөз жүріп жатыр. Әзірге нақты күні белгіленген жоқ. Дегенмен жекпе-жектің желтоқсан айына ысырылу мүмкіндігі де бар. 

Ал "Канелоға" қарсылас ретінде DAZN басшылығы екі боксшыны ғана мақұлдады - екінші орта салмақ чемпиондары британиялық Каллум Смит (27-0, 19 КО) және Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО). Жекпе-жек Лас-Вегас немесе Лос-Анджелесте өткізіледі. Ұйымдастырушылар шоудың көреременсіз өтеріне дайындалып жатыр. 

Альварестің келесі жекпе-жегінің шегерілу себебі мексикалықтың бір кездесуде 40 миллион табыс көруі. Пандемия кезінде мұнша кіріске еш мүмкіндік болмай тұр.