DAZN арандатуы ма? "Канело" - Головкин трилогиясына кедергі болған жаңа жайттар ашылды

© reviewjournal.com
Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің өтпей қалуына қатысты ойын айтты. Боксшының сөзін News.ru келтіріп отыр.

Трилогия биыл қыркүйекте өтеді деп күтілген еді, алайда, "Канело" қазақстандықпен жұдырықтасудан бас тартты. Оның орнына Альварес жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен (34-3-1, 29 КО) 2 қарашада жекпе-жек өткізеді.

- Сіз болып жатқаннан құр қалып (Бетербиев - Гвоздик және Ковалев - "Канело" жекпе-жектері), әлсіздеу қарсыластармен жұдырықтасып жүргеніңізге өкініш бар ма?
- Өкініш жоқ, бұл сойқанға қатысқым да келеді. Бірақ алда ондай әлі алда. Ерте ме, кеш пе, бір болар. Мен де, олар да, мұнан жалтара алмайды. Неге олай болғанын білемін. Гвоздик пен Бетербиевтің де ісін Top Rank жүргізеді. Промоутерге бұл екі боксшының жекпе-жегі қызықты және ары қарай біреуіне ғана еснім артқаны ұтымды. Сондықтан бұл жекпе-жек жылдам ұйымдастырылды. Сауль Альварес үшінші рет Головкинмен жұдырықтасқысы келмеді, ал DAZN оған Ковалевпен кездесуді ұсынды. Альварес Сергейдің әлсіз тұстарын пайдасына асыра алып, жеңемін деп ойлайды. Оның үстіне Ковалевтің аты бар, мұнан үлкен ақша жасауға болады, сондықтан оған бұл тартымды.