Данияр Елеусінов Нью-Йоркте жеңіліс көрмеген америкалықпен жұдырықтасады

Данияр Елеусінов. Сурет: zimbio.com
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Олимпиада чемпионының келесі қарсыласы туралы айтып берді.

Он раундты жекпе-жек 13 қыркүйек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасының Hulu Theather залында өтеді. Елеусіновтің қарсыласы жеңіліс көрмеген 34 жастағы амеркиалық Решард Хикс (12-0-1, 6 КО).

Ал бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) жеңіл салмақта WBC бебеуіне міндетті қарслылас атану құқы үшін жұдырытасады. Америкада бұл шоу DAZN стриминг қызметінде көрсетіледі. 

Еске салайық, Елеусіновтің жекпе-жегі 27 шілде Лас-Вегасқа белгіленген еді, алайда, боксшыға тұмау тиіп қалғанына байланысты одан бас тартуға тура келді. 

Қазақстандық боксшы соңғы рет 25 мамыр Американың Оксон-Хилл қаласында чилилік Луис Норамбуэнамен (3-3-1, 0 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңген.