Чемпионның промоутері Жәнібек Әлімханұлынан қалай "қашатындарын" айтты

31 желтоқсан 2021 10:16
©Arealnews.com

Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраденің (31-0, 19 KO) промоутері Эдди Хирн америкалық  боксшының Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) жұдырықтасқанын мүлде қаламайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Андраде жылды жақсы өткізді. Біз қалаған үлкен айқастар емес, дегенмен, әдемі және белсенді. Өткен жолы Куиглиді жеңді. Андраденің Жәнібекке қарсы міндетті қорғауы бар, бірақ, бізге мықтырақ қарсылас керек. Сондықтан біз ондайды орта салмақтан таба алмасақ, Деметриус суперорта дивизионға өтеді деп ойлаймын", - деп береді оның сөзін Boxingscene.com.

WBO Әлімханұлының әлем чемпионымен жекпе-жегіне қатысты шешім қабылдады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport