"Чемпиондарды нокаутқа түсіргім келеді". Жәнібек Әлімханұлы қазақ стилі жайлы

Сурет: TOP RANK ©
Кәсіпқой рингте тоғызыншы жеңісіне жеткен қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, чемпиондарды сұлатқысы келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Чемпиондар қайдасыңдар? Сендерді де нокаутқа түсіргім келеді", - деп жазыпты ол инстаграм желісінде. 

Сонымен бірге ол жанкүйерлерге қолдау үшін алғысын білдірді.

"Біз қазақ стилін көрсеттік! Бәрін жеңіспен құттықтаймын, елім! Бұл менің ғана емес, сіздердің де жеңістеріңіз. Чемпиондық белбеуге тағы бір қадам жасадық. Біздің Qazaq Style тарихқа кіреді", - дейді Әлімханұлы. 



Айта кетейік, Жәнібек кеше Лас-Вегаста өткен бокс кешінде аргентиналық Гонсало Корияны (16-3, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша, қазақстандық боксшы WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.

Бұл жеңістен кейін Әлімханұлы BoxRec рейтингінде 23-орынға көтерілді.