Чемпиондар жолы. Қазақстандық нокаутшы WBA рейтингінде Топ-15 тізімде

© Eye Of The Tiger Managment
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл тізімде үш бірдей қазақстандық боксшы бар.

Екінші орта салмақта WBA International, WBO Global және WBC Asia титулдарына ие Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) тізімде екінші орынын сақтап қалды. 

Жартылай орта салмақта WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Australasian белбеулерінің иегері Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) та орнын өзгерткен жоқ - жетінші. 

Ал бірінші жартылай орта дивизионда жұдырықтасатын, WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарының иегері Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) 15-ші орында орналасқан. 

Айта кетейік, WBA тұжырымы бойынша Қазақстанда бір чемпион бар - Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) "регуляр" титулына ие. Дегенме боксшы 2018 жылдың шілдесінен бері рингке шыққан жоқ.