Чемпион да емес. "Канело" кіммен айқасқалы жүргені айтылды

7 желтоқсан 2022 10:46
©Matchroom Boxing

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) мамырда WBO ұйымының "уақытша" титулына ие британиялық Джон Райдермен (32-5, 17 КО) айқасатынға ұқсайды, деп хабарлайды vRINGe.com.

Қазіргі таңда белгілі промоутер Эдди Хирн бұл жекпе-жекті ұйымдастырудың бар амалын жасап жатыр. 

"Джон Райдерге мүмкіндік берілді. Ол тамаша жыл өткізді. Егер "Канелоға" қызық болса, мен оны Ұлыбританияға алып келуге қуанышты боламын. Бұл Британия боксшы үшін үлкен оқиға және Альварес те бұған қуанатын болар. Өткен жыл қорытындысы мен жеңістері арқасында Райдер бұған лайықты деп ойлаймын. Сондықтан бұл айқасты ұйымдастыра аламыз деген үміттемін", - дейді Хирн. 

Промоутердің сөзінше, мұндай үлкен жекпе-жек Лондондағы Emirates немесе Wembley стадионында ұйымдастырылады.

Ал мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносоның сөзіне қарағанда олар бұл жекпе-жектен "кет әрі емес" көрінеді:

"Райдер жақсы жеңіс сериясын паш етіп келеді, бірнеше жақсы айқас өткізді. Біз бұл жекпе-жекке дайын боламыз. Агрессив және тек алға жүретін боксшымен жұдырықтасу қызықты болады". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport