Бұзып-жарып шықты. Жәнібек Әлімханұлы жыл атағына ұсынылды

29 желтоқсан 2021 09:38
©twitter.com/qazaqstyle/media

Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Top Rank тұжырымынша биыл бірден ілгерлеген немесе жыл жетістігі ("Прорыв года") атағына ұсынылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Промоутерлік компания орта салмақтағы қазақ боксшыны белгілеп, жанкүйерлерге ең мықтыны таңдауды ұсынды. 

Еске салайық, Жәнібек 2021 жылы екі жекпе-жек өткізді - бұрынғы әлем чемпиондары Роб Брант (26-3, 18 КО) және франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-6, 21 КО). Екеуін де сегізінші раундта нокаутпен жеңді. Енді ол WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) міндетті қарсылас атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport