Бұрынғы чемпион Биволды қалай жеңгенін айтты

©AP

Екінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Бенавидес (25-0, 22 KO) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 KO) жартылай ауыр дивизионда WBA чемпионы Дмитрий Биволды (20-0, 11 КО) жеңгенін қалайды, деп хабарлайды vRINGe.com.

Ресейлік боксшы "Канелоны" ұпай санымен жеңді, алайда, Бенавидес бәрібір Биволдың әрекеттеріне көңілі толмады. 

"Енді Альварестің командасы жақсырақ жоспар керегін біледі. Дайындыққа бар назарды салып, жоспарды нақты ұстанатын болады. Мен мысалы, Альваресті сабай алатынымды әрдайым сезетінмін. Биволдың да қолынан келетін еді, егер денеден көбірек соққы жасаса. Бәрін жақсы істеді, тек бодипанч болмады. Оның орнында болсам, осы тұрғыда көбірек жұмыс істеп, комбинацияларды да көбірек жасайтын едім. "Канелоны" бірінші болып сабаған мен болмағаным өкінішті. 

Бенавидес Биволмен спаррингтер өткізіп, оны бірнеше рет жеңгенін айтады. 

"Барынша құрмет танытайын, бірақ, ол спаррингтердің көбінде мен басым болдым. Бұл енді бір жақты ғана жеңіс демеймін, онымен айқасу оңайға соқпайды. Бивол - жоғары деңгейдегі боксшы, сондықтан оны жеңу үшін биікте болу қажет. Дегенмен оның боксында кемшіліктер жетерлік. Ол Мейвезер емес. Флойд қорғаныста өте мықты, өте жылдам, көп комбинация жасайды. Ал "Канело" бір соққыға сенетін боксшыға көбірек ұқсайды", - деп береді Бенавидестің сөзін Fighthype. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport