Бұрынғы бапкері Ковалевтің басымдығын атады және "Канеломен" жекпе-жек нокаутпен аяқталатынын айтады

11 қыркүйек 2019 09:53
© sergeykrusherkovalev / Instagram
Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін кәсіпқой Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос-Росарио Vesti.kz тілшісіне ресейлік боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жұдырықтасуына қатысты пікірін білдірді. 

Жартылай ауыр салмақтағы Ковалев - "Канело" жекпе-жегі 2 қараша Лас-Вегаста өтеді. БАҚ-та бұл кездесу туралы ресми түрде келесі аптада жарияланатыны хабарланған.

"Головкиннен кейінгі ең қауіптісі". Шетелдік журналист "Канелоның" Ковалевпен жекпе-жегі туралы

"Ковалевтің дене бітімі жағынан басымдығы бар. Қолын алысқа сермейді және джебтері жақсы. Оның басты қиындығы Уордпен жекпе-жектен кейін жан-жақты дамуын тоқтатты. Ол баяулап барады, бұл Ярдпен өткен соңғы кездесуде байқалды.

Ковалев кездесу басында жақсы жұдырықтасады, ал одан кейін "Канело" шыдамдылығы арқасында басымдықты алады. Ол Ковалевті нокаутқа түсіре алады деп есептеймін. Бұл қызықты жекпе-жек болады, бірақ, "Канело" жеңілмейді. Ол бабында және өзге салмақ болса да Ковалевті еш қиындықсыз жеңеді", - деп атап өтті Сантос-Росарио.

Еске салайық, жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Ковалев 24 тамызда Энтони Ярдты 11-ші раундта нокаутпен жеңді. Осыдан кейін ол Альвареспен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.