"Бұл қиын". Рахмонов Головкинге қатысты шындықты айтты

©UFC

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің неге көпшілікпен кездеспейтінін түсінетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Геннадий Головкин қазақстандық жанкүйерлер, БАҚ үшін айтарлықтай жабық. Ал танымалдылығыңды сен қалай қабылдайсың және АҚШ-та жүргенде қазақстандықтармен қаншалықты жиі араласасың?

- Головкинді түсінемін, әрдайым жаттығу жасау керек болғанда шаршайсың, психологиялық түрде де тынығу керек. Арнайы барып, біреумен сөйлесу, суретке түсу, сұраққа жауап беру - бұл қиын. Күшіңді алып қояды. Онсыз да жаттығудан шаршап келесің. Әрине жанкүйерлерді де түсінемін, бірақ жауап беруге әрдайым күш бола бермейді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport