Бүкіләлемдік суперсерия жеңімпазы Головкин - "Канело" трилогиясында кім жеңетінін анық басып айтты

Сурет: Fightnews.info
Екінші орта салмақта WBA (Super) чемпионы және Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы британиялық Каллум Смит (27-0, 19 КО) Instagram желісіне жазылушыларының сұрақтарына жауап берді. 

Тілдесу барысында Смит қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 KO) арасындағы үшінші жекпе-жекте кім жеңетіні туралы пікір білдірді. 

- "Канело" - Головкин трилогиясы, кім жеңеді?
- "Канело". Ұйымдастыру ұзаққа созылған сайын Головкин қартая береді.

"Айтқаным жанкүйерлеріне ұнамас". Беделді бапкер "Канеломен" жекпе-жекте Головкинді алдағанын ашық айтты

- "Канело" неге сізбен жұдырықтасуға келіспеді?
- Оның командасы үшін Сондерс оңтайлырақ болды.

- Мүмкіндігіңіз болса, "Канело" немесе Сондерс, кіммен жұдырықтасатын едіңіз?
- "Канеломен" жекпе-жек мол табыс әкеледі, ал Сондерспен кездесуде белбеу біріктіріледі, бұл менің үлкен мақсатым.