"Бүкіл орта салмақта дүркірейді". Әлімханұлына мықты қарсылас табылды

©twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Лиам Смит пен Крис Юбенк жекпе-жегінің жеңімпазымен айқасуы тиіс. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында британиялық журналист Бен Смит осындай пікір білдірді. 

Қаңтарда Смит төртінші раундта Юбенкті нокаутқа түсіріп, сенсация жасады. Осыдан кейін Юбенк бірден қарымта сұрады. Екінші жекпе-жек 1 шілде Ұлыбританияда өтеді. 

"Әлімханұлына белбеуін қорғауға мықты қарсылас табылмай жатыр. Ал Смит пен Юбенк айқасынан ол мықты қарсылас таба алады. Егер жекпе-жек Ұлыбританияда өтсе, одан қомақты қаржы да түседі. Айқасты қашан ұймдастыруға болады? Күзден ерте емес. Оған дейін Әлімханұлы қарсылас тауып үлгермейді, Чарломен келісімге келмесе. Ал Смит - Юбенк кездесуінің жеңімпазымен айқас бүкіл орта дивизионға дүркірейді", - дейді Бен Смит. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport