Британиялық журналист Кособуцкийге жаңа қарсыластар ұсынды

flickr.com/leifpm

Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында боксшы Жан Кособуцкийге (18-0, 17 КО) алдағы уақытта кімдермен қолғап түйістіру керектігін айтты.

"Кособуцкий жеңіс сериясын жалғастырып келеді. Дюопамен өткен айқаста кімнің кім екені ә дегеннен байқалды. Қазақстандықтың соққылары нақты әрі жойқын болды. Ол саналы түрде қарсыласына мықты соққылар бағыттады. Алғашқы үш раундтан кейін жекпе-жекті тоқтату керек еді. Қазіргі таңда Кособуцкийдіі бокстағы элиталармен жұдырықтасатын уақыты келді. Алдағы уақытта Джо Джойс және Роберт Хелениуспен кездессе қызық болар еді. Содан кейін Жанның қандай екенін білер едік", - дейді Смит.

Еске салайық, 22 мамырда Германияның Гамбург қаласында қазақстандық Жан Кособуцкий мен франциялық Жоан Дюопа (39-7, 26 КО) шаршы алаңда кездесіп, бесінші раундтан кейін Косбуцкий техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport