"Бірден шағымдануға жүгірді". Әлем чемпионы "Канело" арамдығының бетін ашты

© vRINGe.com
Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы және екінші орта салмақта WBA (Super) чемпионы британиялық Каллум Смит (27-0, 19 КО) Sky Sports порталына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) жекпе-жектен қашып отырғанын мәлімдеді. 

"Меніңше, "Канело" менімен ешқашан жұдырықтасқысы келмеген. Мен де, Сондерс те, Альвареспен жекпе-жек үшін Дэниэл Джейкобс пен Сергей Ковалевке төленгеннен аз сұрағанбыз. Олардың ұсынғаны бізге мүлде ұнамады, біз аз да болса көтеруін сұрадық.

Билли Джо бірінші ұсынғаннан көбірек алады деген ойдамын. Солай деп үміттенемін. Көбі маған ашкөзденбей, ұсынысты қабылдау керек деп айтарын білемін. Бірақ бұл да көмектеспейтін еді. Өйткені бұл шартты ұсыныс қана еді. Бәріңіз көрдіңіздер, мен бастапқы ұсыныстан бас тартқанда Альварестің промоутері бірден БАҚ-қа шағымдануға жүгірді, сосын, бәріне Смит келіспейді деп жар салып, арызданды. Өкініш? Ешқандай өкініш жоқ. Қайталап айтайын, ол менімен жұдырықтаспайды. Бастапқы ұсынысқа келіскеніммен де, менімен жекпе-жекке шықпайтын еді. Олар менімен байланысқысы келмеді, болды, бары осы", - дейді Смит.