Бір шешімге келді. "Канело" Головкинмен жекпе-жек бойынша DAZN-ге шарт қойды

©  reviewjournal.com
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жекке қатысты бір шешімге келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

The Athletic журналисті әрі инсайдері Майк Коппинджердің ақпаратынша, "Канело" қыркүйекте Головкинмен жұдырықтасуға дайын, алайда, бұл үшін DAZN платформасынан өтемақы сұрауда.

"DAZN "Канело" қыркүйекте Головкинмен жұдырықтасу міндетін мойнына алғанын қалайды. "Канело" қарсы емес, Головкинмен жекпе-жекке келісіп отыр, есесіне өтмақы алғысы келеді. 

Естігенім, DAZN-де (анақты Джон Скиппер) "Канелоға" келіп айтқаны: "Жақсы, алдымен Сондерспен мамырда, кейін GGG-мен қыркүйекте жұдырықтас, осыдан кейін Муратамен желтоқсанда жекпе-жек ұйымдастырып береміз". Келесі жылы Дубайда жекпе-жек болады. Меніңше, "Канело" да осыны қалайды", - дейді Коппинджер The Athletic’s Pug and Copp подкастында.