"Бір ғана Головкин бар". GGG промоутері Әлімханұлының жеңісіне қатысты

©DAZN

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер осы дивизионда WBO белбеуіне ие Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкинге күмән келтірген адамдардың көбі Қазақстанды мойындап жатқаны қуантады. Головкин Жәнібек сияқты боксшыларға АҚШ есігін ашып бергеніне қуанамын, бірақ, бір ғана Головкин бар", - деп жазыпты Лефллер "твиттерде". 

"Менің айтпағым, АҚШ-тағы ешбір телеарна Қазақстан боксшысын көрсеткісі келмеген кезде есіктің ашулы. GGG бүкіл әлем бойынша сатылым жасап, HBO рейтингінде ең жоғары орындардың бірінде еді. Ал бұрын бұл мүмкін еместей көрінетін, сол кезде күмәнданғандар GGG АҚШ-та жұлдызға айналғанына куә болды", - деп аяқтады промоутер.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport