Бір белбеумен кіріп, төртеуімен шығамын". Андраде GGG және "Канеломен" жұдырықтасудан неге жалтарғанын түсіндірді

Сурет: RBRBoxing. Marilyn Paulino©
Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (27-0, 17 КО) өз дивизионында ең мықты екенін дәлелдеу үшін дұрыс бағытта келе жатқанына сенімді, - деп хабарлайды BoxingScene.

"Мацей - ТОП-10 тізімдегі мықты жігіт, Дэнниден ғана жеңілген, ал ол GGG және "Канеломен" жұдырықтасқан. Бокс әлемі көкжал екенімді біледі. Олай болмағанда "Канело" мен GGG менен WBO белбеуін баяғыда тартып алар еді. Ал мен өзімді бақылауда ұстай аламын. Менің уақытым келгенде мені аяқтан шалу доғарылады. 

Росадо үшін Сулецкимен жекпе-жек ауыр болды, өйткені мұның алдында Кулькаймен жұдырықтасқан еді. Сондықтан әлемдік рейтингте 81-ші орында жатқан Стив Роллспен жұдырықтасқан GGG-ге қарағанда мен кәдімгі боксшылармен жекпе-жек өткізіп жүрмін.

Біз мықты жігіттермен жұдырықтасып жүрміз, кейін "Канело" мен GGG-ді жеңу үшін. Олар әзірге әлсіз қарсылас таңдап жүр, солай істей алады да, өйткені өте танымал, түсінем бұл - бизнес. Менің уақытым келеді, сол кезде бір белбеумен кіріп, төртеуімен шығамын", - дейді Андраде.