Boxrec рейтингінің үздік ондығына Қазақстаннан бірден 3 боксшы енді

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Boxrec.com сайты Америка өкілі Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) ресми түрде суперорта салмаққа ауысқаннан кейін орта салмақтағы үздік боксшылар рейтингін жаңартты.

Орта салмақ рейтингінің ТОП-ондығына Қазақстаннан бірден 3 боксшы енді: WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО), WBO ұйымының толыққанды чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) және WBO International чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО).

Орта салмақтағылар тізімінде Головкин бірінші орында тұрса, Әлімханұлы – сегізінші, Нұрсұлтанов – тоғызыншы.

Айта кетейік, ТОП-10 тізімге ең көп боксшы Қазақстаннан еніп отыр. Өзге елдерден алғашқы ондыққа тек бір боксшыдан қосылған: кіші Крис Юбэнк (32-2, 23 КО, Ұлыбритания), Хайме Мунгия (40-0, 32 КО, Мексика), Карлос Адамес (21-1, 16 КО, Доминикан Республикасы), Сергей Деревянченко (14-4, 10 КО, Украина), Майкл Зерафа (30-4, 19 КО, Аустралия), Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО, Куба / АҚШ), Винсент Файгенбутц (34-3, 30 КО, Германия).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport