Boxingscene шолушысы Головкин жетістігін қайталайтын қазақстандық боксшыларды атады

Сурет: Pro Boxing Fans

Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың жас буынының болашағы зор және олар Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жетістігін қайталай алады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Boxingscene.com шолуышысы Элиот Фостер осындай пікір білдірді. 

"Биыл болашағы зор қазақстандық боксшылардың карьерасы қалай өрбитінін тамашалағым келеді. Меніңше, Бек Нұрмағанбет, Тұрсынбай Құлахмет және Евгений Павловты назарға алу керек. Олар жас әрі мықты көрінеді. Өзге қазақстандықтармен салыстырғанда, олар бірінші жекпе-жектерінен бастап көзге түсті, титуллдар жеңіп алып, рейтингтерде жоғарлады. Бек үш жекпе-жек өткізді, Құлахмет белбеуін қорғайды, Ал Павлов WBA рейтингінің топ-15 тізімінде. Бұл жігіттерде қызықты сәттер көп болады. Головкин кеткеннен кейін олардың бірі орнын басып қалуы мүмкін. Бұл боксшылардың әрқайсында қайталанбас қолтаңба бар. Мен олардың болашағы өте зор деп ойлаймын. Кез келгені әлем чемпионы бола алады. Әрқайсының әуесқойдағы тәжірибесі де бар, оның үстіне олар жас және биікке көтерілуге күштері де жетерлік", - дейді Фостер.