Бокстан әлемнің жаңа абсолют чемпионы анықталды

©twitter.com/trboxing

Мельбурн (Аустралия) қаласындағы Marvel Stadium спорт кешенінде жеңілмеген аустралиялық Джордж Камбосос (20-1, 10 KO) пен америкалық Девин Хэйни (28-0, 15 KO) арасындағы әлемнің абсолют чемпионы атағы сарапқа салынған жекпе-жек өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Хейнидің WBC, ал Камбосостың WBA, IBF және WBO белбеулері сарапқа салынған жекпе-жек аса қызық болмады. 

Қарсрыластар 12 раунд жұдырықтасты. Оның қорытындысы бойынша төрешілер 116-112, 116-112 және 118-110 есебімен жеңісті америкалық боксшыға берді. 

Енді Камбосостың реванш өткізуге мүмкіндігі бар. Екінші кездесу де Аустралияда өтуі мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport